Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 мұғалімнің қатарына енген алматылық ұстазды құттықтады

Малика Хамит · · 79 қаралым
Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 мұғалімнің қатарына енген алматылық ұстазды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енген.

Президент ұстаздың еңбегін жоғары бағалады.

Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды
деді Тоқаев.
Бөлісу: Telegram WhatsApp