Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев: Алтын Орда мұрасы – әлемдік тарих үшін маңызды

Малика Хамит · · 221 қаралым
Тоқаев: Алтын Орда мұрасы – әлемдік тарих үшін маңызды

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум басталды.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Алтын Орда мұрасын халықаралық деңгейде жан-жақты зерттеудің маңызын атап өтті, деп хабарлайды

порталы.

Симпозиумға әлемнің 20-дан астам елінен тарихшылар, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, саясаттанушылар мен халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатыр.

Президент өз сөзінде Қазақстанның мәдени-тарихи жобаларына қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО басшылығына алғыс айтты. Оның айтуынша, Алтын Орда мұрасын зерттеу – тек ұлттық тарих үшін емес, әлемдік өркениет үшін де маңызды.

Симпозиумның осындай беделді жаһандық ұйым аясында өтуі Алтын Орда мұрасының әлемдік ауқымдағы мән-мағынасы зор екенін көрсетеді
деді мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы әріптестіктің нәтижесінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы тас петроглифтері және бірқатар көне қалалар Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгенін еске салды. Сонымен қатар, былтыр «Хандар шежіресі» атты бірегей қолжазба халықаралық деңгейде мойындалғанын айтты.

Тоқаев Қазақстанның ЮНЕСКО-мен байланысын одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізіп, мұндай жобалар елдің тарихи мұрасын әлемге танытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp