Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алжир Халық Демократиялық Республикасының Президенті Әбделмәжид Теббунға Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Президент өз құттықтауында Алжирді Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ екі ел арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да халықтардың игілігі үшін нығая түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббунға мемлекеттік қызметінде табыс тілеп, Алжир халқына бейбітшілік, бақ-береке және өсіп-өркендеу тіледі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен де құттықтаған болатын.