Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған қызметтегі нәтижелі әрі ел мүддесіне бағытталған еңбегі үшін алғыс білдірді.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады
порталы.
Сондай-ақ Президент AMANAT партиясы мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған «Әділет» партиясына қосылу туралы қабылдаған шешімін жоғары бағалады.
Мемлекет басшысы AMANAT партиясының елді жаңғыртуға, заң үстемдігін нығайтуға және Әділетті Қазақстан құруға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Президент отаншыл партия мүшелерінің «Әділет» партиясы қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді
Президент жаңа саяси бірлестіктің құрамындағы азаматтар ел дамуына бағытталған жұмыстарды жалғастыратынына сенім артатынын жеткізді.