Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянды «Азаматтық келісім» партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды
порталы.
Президент өз жеделхатында халықаралық байқаушылардың алдын ала бағалауынша, сайлау қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ашық әрі азаматтардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік берілген жағдайда өткенін атап өтті.
Сізге Арменияның ұзақмерзімді ұлттық мүдделері жолындағы қызметіңізде табыс тілеймін
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның достас Армениямен барлық бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы армян халқына мемлекеттілікті нығайту жолында табыс, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.