Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті және бауырлас әзербайжан халқын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды
порталы.
Президент жеделхатында Әзербайжанның тәуелсіздік жылдарында елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.
Әзербайжан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту мен әлеуметтік-экономикалық дамуда зор табысқа жетіп, халықаралық аренада беделін күшейте түсті. Сіздің мықты әрі парасатты басшылығыңызбен бауырлас әзербайжан халқы экономиканың орнықты өсімін одан әрі қамтамасыз ете беретініне сенімдімін
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, Әзербайжан халқына құт-береке мен өркендеу тіледі.