Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев БАҚ саласы мамандарына алғыс білдірді

Малика Хамит · · 31 қаралым
Тоқаев БАҚ саласы мамандарына алғыс білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды

порталы.

Мемлекет басшысы журналистердің қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың халықтың көкейіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, ел мүддесіне қызмет етіп жүргенін айтты. Сондай-ақ қазіргі ақпараттық дәуірде сапалы әрі шынайы ақпарат тарату бұқаралық ақпарат құралдарына жүктелген жауапты міндет екенін жеткізді.

Президент өз сөзінде мемлекет медиа саласы мамандарының еңбегін жоғары бағалайтынын айтып, барлық журналистерге ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның ел дамуы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, негізгі заңда егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, азаматтардың құқықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және ұлттық бірлікті нығайту секілді басты қағидаттар бекітілген.

Президент білім мен ғылымды дамытуға, инновацияны қолдауға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және еңбекқорлық құндылықтарын дәріптеуге басымдық берілетінін айтты.

Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қастерлі құндылық. Оны сақтап, елімізді дамыту үшін қоғамда татулық пен тұрақтылық болуы қажет
деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент әділеттілік қағидаты мемлекеттің басты тіректерінің бірі екенін айтып, оны еңбекқорлықпен тығыз байланысты ұғым ретінде бағалады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp