Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев бірқатар маңызды тағайындаулар жасады

Малика Хамит · · 31 қаралым
Тоқаев бірқатар маңызды тағайындаулар жасады

Конституциялық сот пен Орталық сайлау комиссиясына жаңа мүшелер тағайындалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысы бірқатар жаңа тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды.

Конституциялық Соттың судьялары болып Сәкен Абдолла, Лейла Жақаева, Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Тукиев және Сергей Ударцев тағайындалды.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының құрамына Азамат Айманакумов, Михаил Бортник, Мұхтар Ерман, Әсел Жанәбілова, Ләззат Сүйіндік және Шавхат Өтемісов кірді.

Тиісті тағайындаулар Мемлекет басшысының жарлықтарымен рәсімделді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp