Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Сонымен қатар бірнеше министр өз қызметінде қалды.
Қызметін жалғастыратын министрлер қатарында:
- Нұрлан Сауранбаев – көлік министрі;
- Ерлан Сәрсембаев – әділет министрі;
- Ерлан Ақкенженов – энергетика министрі;
- Ерсайын Нағаспаев – өнеркәсіп және құрылыс министрі;
- Жұлдыз Сүлейменова – оқу-ағарту министрі;
- Арман Шаққалиев – сауда және интеграция министрі;
- Нұржан Нұржігітов – су ресурстары және ирригация министрі;
- Ақмарал Әлназарова – денсаулық сақтау министрі.
Осылайша, аталған сегіз министр бұрынғы бағыттары бойынша жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, бұған дейін де министрлер құрамында бірқатар өзгеріс болған. Мәселен, Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметіне 2025 жылғы маусымда тағайындалған.