Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев БҰҰ рөлі мен жаһандық тұрақтылық туралы пікір білдірді

Бақытжан Мұса · · 384 қаралым
Тоқаев БҰҰ рөлі мен жаһандық тұрақтылық туралы пікір білдірді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитте сөз сөйлеп, әлемдегі қақтығыстардың жаһандық тұрақтылыққа әсері және Біріккен Ұлттар Ұйымы рөлі туралы пікір білдірді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.

Мемлекет басшысы қазіргі кезеңнің тұрақсыз әрі күрделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қақтығыстар салдарынан экологиялық мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс ресурстар басқа бағыттарға жұмсалып жатыр.

Тоқаев БҰҰ-ның 80 жылдан бері маңызды халықаралық диалог алаңы болып отырғанын айтты. Алайда қазіргі әлем айтарлықтай өзгергенін, әсіресе жасанды интеллекттің дамуы жаңа шынайылық қалыптастырғанын жеткізді.

Президент халықаралық құқықтың негізі саналатын БҰҰ Жарғысын таңдаулы түрде емес, толық әрі өзгеріссіз сақтау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, оның қағидаттарын әр ел өз мүддесіне қарай бұрмаламауы тиіс екенін ескертті.

Сөз соңында мемлекет басшысы халықаралық ұйымдардың беделі кейбір күрделі мәселелерді шешуге жеткіліксіз болып отырғанын айтып, көпжақты институттарға деген сенімді сақтау маңызды екенін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp