Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Малика Хамит · · 24 қаралым
Тоқаев Елена Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны WTA рейтингінде бірінші орынға шығуымен құттықтады, деп хабарлайды

порталы.

Мемлекет басшысы спортшының бұл жетістігін тарихи жеңіс деп атап, оның қазақ спортының абыройын асырғанын айтты.

Сіз айрықша талант пен тынымсыз еңбектің және өзіңізге деген нық сенімнің арқасында WTA рейтингінде көш бастап, биік шыңды бағындырдыңыз. Осынау тарихи жеңісіңіз қазақ спортының даңқын асырды. Есіміңіз әлемдік теннис жылнамасынан ойып тұрып орын алды
делінген құттықтауда.

Президент Рыбакинаның жетістікке толы жолы жас спортшыларға және әлемдегі миллиондаған теннис жанкүйеріне үлгі екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшінің корттағы өнерімен қатар, қоғамдық ортадағы мәдениеті мен адамдармен қарым-қатынасындағы жоғары деңгейін ерекше атап өткен.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаға чемпиондарға тән жігері мен жалынды рухынан қуат алып, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp