Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне қайта тағайындады, деп хабарлайды
порталы.
Бұл шешім Құрылтай сайлауынан кейінгі кадрлық қайта тағайындаулар аясында қабылданды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойған.
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын
Сағымбаев бұл қызметті 2022 жылдан бері атқарып келеді. Бұған дейін ол Мемлекеттік күзет қызметін басқарған.
Айта кетейік, Құрылтай сайлауынан кейін бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды қайта тағайындау Конституция талаптарына сәйкес жүргізіледі. Олардың қатарында ҰҚК төрағасы, Бас прокурор, Жоғарғы сот төрағасы және Ұлттық банк төрағасы бар.