Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі мен Құрылтайдың өзара байланысына тоқталды, деп хабарлайды
порталы.
Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі Құрылтайдың жұмысын алмастырмайды және оның құзыретіне кіретін мәселелермен айналыспайды. Сол сияқты Құрылтай депутаттарының да Халық Кеңесінің қызметіне араласуға құқығы жоқ.
Тоқаев екі институттың негізгі мақсаты ортақ екенін атап өтіп, олардың бірін-бірі толықтырып, үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты. Осы ретте Құрылтай мен Халық Кеңесі комитеттерінің тығыз байланыста болғаны маңызды.
Заң жобаларын әзірлеу барысында жұртшылықтың ой-пікірін, талап-тілегін толыққанды ескеру қажет
Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің құрамына этномәдени бірлестіктер, аймақтық мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар өкілдері кіргенін атап өтті.
Оның пікірінше, осылайша мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа әрі ауқымды жүйесі қалыптасып отыр.