Президент өңіраралық экологиялық саммитте Каспий мен Аралдың тағдырын қозғады, деп хабарлайды
порталы.
Мемлекет басшысы бұл мәселе Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса өзекті екенін атап өтті.
Президенттің сөзінше, өңірдің болашағы су ресурстарын қаншалықты тиімді әрі әділ пайдалана алатынына тікелей байланысты.
Су қауіпсіздігі – Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін аса маңызды мәселе. Болашағымыз тіршілік нәрін қаншалықты ұтымды әрі әділ пайдалана алатынымызға байланысты
Мемлекет басшысы Арал теңізінің тарихы адамзатқа үлкен сабақ болуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, бұл экологиялық апат салғырт шешімдердің қандай ауыр зардаптарға соқтыратынын көрсетеді.
Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салып тұрады. Сондай-ақ ол батыл әрі ғылыми негізі бар жүйелі шаралардың арқасында қандай нәтижеге жетуге болатынын көрсетеді
Тоқаев бүгінде Солтүстік Аралды қалпына келтіру жұмыстары нақты нәтиже бергенін де жеткізді.
Бүгінгі таңда Солтүстік Аралдың 36 пайызға жуығы қайта қалпына келтірілді. Судың сапасы жақсарып, балық қоры молайды, маңайдағы елді мекендердің тұрмыс-тіршілігіне қан жүгірді
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Каспий теңізінің жағдайына да ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, Каспийді сақтау – тек экология мәселесі емес, бүкіл аймақтың тұрақты дамуы үшін маңызды міндет.
Еліміз Каспий теңізінің тағдырына да алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды
Президент Қазақстан Каспийдің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама ұсынғанын және ғылыми-зерттеу институтын құру бастамасын көтергенін айтты.
Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс