Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев: Қазақ тілі мәжбүрлеусіз көпшіліктің тіліне айналып келеді

Малика Хамит · · 12 қаралым
Тоқаев: Қазақ тілі мәжбүрлеусіз көпшіліктің тіліне айналып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында мемлекеттік тілдің қоғамды біріктірудегі рөліне тоқталды, деп хабарлайды

порталы.

Президенттің айтуынша, қазақ тілінің қолданыс аясы әкімшілік немесе саяси мәжбүрлеусіз кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналып келеді. Әсіресе жастардың қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлей бастауы қуантатынын атап өтті.

Тоқаев мемлекеттік тілдің ұлттық мәдениет пен болмысты танытудағы маңызына да тоқталды.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды
деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақ тілінің қолданысын кеңейту өзге тілдерден бас тартуды немесе оларды шеттетуді білдірмейтінін айтты. Конституцияда азаматтарды тіліне, тегіне, ұлтына, діни көзқарасына және басқа да белгілеріне қарай кемсітуге тыйым салынғанын еске салды.

Президент әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыратын арандатушылық әрекеттерге де тоқталды. Оның сөзінше, мұндай әрекеттер қоғамның бірлігі мен тұрақтылығына нұқсан келтіруі мүмкін.

Осыған байланысты Тоқаев құқық қорғау органдары мен қоғамды мұндай арандатуларға қарсы тұрып, Конституцияда бекітілген «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтауға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp