Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Alatau City қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте жаңа қаланың болашағына қатысты негізгі міндеттерді айқындады, деп хабарлайды
порталы.
Мемлекет басшысы Alatau City жобасы еліміз үшін стратегиялық маңызы бар бастама екенін атап өтіп, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тиімді қаржы-экономикалық модель әзірлеу қажеттігін айтты.
Президенттің сөзінше, жобаны жүзеге асыру ауқымды инвестиция мен қомақты операциялық шығындарды талап етеді. Сондықтан қала әкімдігі мен Алатауды дамыту жөніндегі кеңес ұзақмерзімді әрі орнықты кіріс көздерін қалыптастыруға басымдық беруі керек.
Alatau City үлкен деректерді, озық технологияларды және “ақылды” басқару тетіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылымы, қалалық сервистері мен экономикасы өзара ықпалдастырылған алғашқы толық цифрлық қала болады. Басты бағдар – осы
Мемлекет басшысы қазіргі қаржылық-экономикалық модель болашақ шығындарды толық жаба алмауы мүмкін екенін ескертіп, инвесторлар мен серіктестерге қаланың алдағы ондаған жылдағы даму келбетін айқын көрсететін құжаттар қажет екенін атап өтті.
Осыған байланысты Президент қала дамуының ұзақмерзімді жоспары, мастер-жоспары мен даму стратегиясын биылғы жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды. Оның айтуынша, бұл құжаттар келесі жылдан бастап қаланы кешенді дамыту жұмыстарына белсенді кірісуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай ауқымды әрі ұзақмерзімді жобаларды іске асыруда уақытты созудың қауіпті екенін айтты.
Мұндай ірі және ұзақмерзімді жобаларды іске асыруда процесті жедел, қарқынды және ең әуелі сәтімен бастау өте маңызды. Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер