Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Малика Хамит · · 94 қаралым
Тоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың құқығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды

порталы.

Мемлекет басшысы балалардың денсаулығын сақтау, сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыұлттық мақсат екенін жеткізді. Сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайту мәселесі жаңа Конституцияда ерекше орын алғанын айтты.

Жас ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор. Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр
деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, биыл «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Президент жас буынды қолдау Әділетті әрі Озық Қазақстанды құру жолындағы негізгі басымдықтардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp