Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бұл мейрамның халқымыздың рухани өміріндегі орны ерекше екенін атап өтті, деп хабарлайды
порталы.
Мемлекет басшысы қасиетті күндері мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық пен өзара құрмет секілді құндылықтардың кеңінен дәріптелетінін айтты.
Президенттің сөзінше, Құрбан айт – қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті терең сезінетін ерекше кезең. Ол азаматтарды үлкенге құрмет көрсетіп, мұқтаж жандарға қолдау білдіруге шақырды.
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы
Сондай-ақ Президент еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі басты құндылық екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты.
Бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында елдің алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз
Құттықтау соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақ-береке тілеп, Құрбан айттың қабыл болуын тіледі.