Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Қазақстанның соңғы 7 жылдағы жетістіктерін атады

Малика Хамит · · 9 қаралым
Тоқаев Қазақстанның соңғы 7 жылдағы жетістіктерін атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында еліміздің соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды

порталы.

Президенттің айтуынша, соңғы жеті жылда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 29 пайызға өсіп, 306 млрд долларға жеткен. Алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің жалпы көлемі 138 млрд доллардан асты. Осы кезеңде ел экономикасына 162 млрд доллардан астам инвестиция тартылған.

Тоқаев әлеуметтік саладағы көрсеткіштерді де атап өтті. Қазақстанда жыл сайын 20 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. 2019 жылдан бері 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп пайдалануға берілген.

Сонымен қатар елде 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылып, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткен.

Инфрақұрылым саласында да ауқымды жұмыс атқарылған. Соңғы жылдары 35 мың шақырымнан астам автожол салынып, жөнделген.

Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асқанын да айтты.

Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу: Telegram WhatsApp