Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Сеулге мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.
Сапар барысында Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланады.