Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев: Құрылтай құрамына тек үздіктер енуі тиіс

Малика Хамит · · 56 қаралым
Тоқаев: Құрылтай құрамына тек үздіктер енуі тиіс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі депутаттардың бір бөлігі алдағы уақытта Құрылтай құрамында жұмысын жалғастыруы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысы Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысында алдағы саяси науқанның ашық әрі әділ өтуінің маңызын атап өтті.

Оның айтуынша, Құрылтай жаңа саяси жүйенің негізгі институттарының бірі болмақ және оның құрамына ел мүддесін бірінші орынға қоятын, кәсіби әрі бастамашыл азаматтар сайлануы тиіс.

Президент халықтың жүргізіліп жатқан реформаларға берген бағасы Құрылтай жұмысының нәтижесі арқылы да көрінетінін айтты. Сондықтан бұл органда қоғам сеніміне ие болған тұлғалардың болуы маңызды екенін жеткізді.

Сондай-ақ Тоқаев қазіргі депутаттардың арасындағы тәжірибелі саясаткерлердің бірқатары жаңа құрамға өтіп, мемлекеттік істерге өз үлесін қоса береді деген сенім білдірді. Оның пікірінше, елдің қоғамдық-саяси өмірінде жинақталған тәжірибе мен кәсібилік алдағы кезеңде де сұранысқа ие болады.

Еске салсақ, 1 шілдеден бастап қазіргі Парламенттің өкілеттігі тоқтатылып, тамыз айында бір палаталы Құрылтайдың жаңа құрамын сайлау жоспарланып отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp