Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Малика Хамит · · 359 қаралым
Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әңгіме барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы байланыс тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ барлық бағыт бойынша өзара ынтымақтастықта оң динамика бар екені айтылды.

Президенттер сауда-экономикалық әріптестікті күшейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Алдағы бірлескен іс-шаралардың жоспары да қаралды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp