Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Моңғолия президентін Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады

Бақытжан Мұса · · 413 қаралым
Тоқаев Моңғолия президентін Наадам ұлттық мерекесімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты ұлттық мереке – Наадаммен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқаев құттықтауында Моңғолияның Ухнаагийн Хурэлсухтың басшылығымен тұрақты дамып келе жатқанын атап өткен.

Президент Қазақстан мен Моңғолия арасындағы достық байланыстар мен көп бағытты ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев моңғол әріптесіне мемлекеттік қызметінде табыс, ал Моңғолия халқына бейбітшілік пен әл-ауқат тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp