Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Назарбаевтың тарихи миссиясын атап өтті

Малика Хамит · · 389 қаралым
Тоқаев Назарбаевтың тарихи миссиясын атап өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаев туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президент құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың заманауи қазақ мемлекеттілігінің негізін қалау, Қазақстан Республикасын құру, елдің экономикалық әлеуетін нығайту және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолындағы тарихи миссиясын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елорданы Астанаға көшіру туралы шешімнің ел дамуы үшін ерекше маңызға ие болғанына тоқталды.

«Елорданың Сарыарқа төсіне көшірілуі Қазақстанның жан-жақты өркендеуіне тың серпін берді. Бүгінде Астана қарыштап дамып, әлемдегі көрікті шаһардың біріне айналып келеді».

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау соңында Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және бақ-береке тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp