Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев өнеркәсіп және инфрақұрылым мәселелері бойынша Нәлібаевты қабылдады

Малика Хамит · · 1 581 қаралым
Тоқаев өнеркәсіп және инфрақұрылым мәселелері бойынша Нәлібаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев қабылдады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Кездесу барысында өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Президентке өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі жұмыстар жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ қосылған құны жоғары өнім өндірісін арттыру, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және өндірістік әлеуетті күшейту бағытындағы жоспарлар таныстырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту мен құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Президент инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын күшейтіп, алдағы жылу беру маусымына дайындықты ерекше бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp