Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев өзіне сыйға берілген жылқыларды қарап шықты

Бақытжан Мұса · · 473 қаралым
Тоқаев өзіне сыйға берілген жылқыларды қарап шықты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әр жылдары өзіне сыйға тартылған жылқыларды қарап, олардың күтімімен танысты. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеп хабарлады.

Мемлекет басшысы бір жыл бұрын ақалтеке тұқымына жататын ақ боз құлынға Ақжан деп ат қойғанын еске алды. Сонымен қатар жуырда қосылған құла түсті тағы бір құлынға Ақниет деген ат бергенін айтты. Мамандардың бағалауынша, бұл жылқы болашақта халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін.

Президент Іс басқармасына қарасты атқорада Қатардан сыйға келген араб тұқымды жылқылар да бар екені атап өтілді. Тоқаев кейде атқораға арнайы барып, жылқыларға өзі жем-шөп беретінін жеткізді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Instagram парақшасында жылқылармен түскен суреттер жарияланып, онда ұлттық құндылық ретінде жылқының маңызын атап өтіп, ат спортына көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp