Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев пен Бердімұхамедов не туралы сөйлесті?

Малика Хамит · · 606 қаралым
Тоқаев пен Бердімұхамедов не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы, түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Президент әңгіме барысында Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, оған жауапты мемлекеттік қызметінде табыс пен толағай жетістіктер тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуға және екі елдің достық қарым-қатынасын нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Телефон арқылы сөйлесу кезінде тараптар қазақ-түрікмен ынтымақтастығының қазіргі жай-күйін талқылап, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық бағыттардағы өзара ықпалдастықтың келешегі сөз болды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дәстүрлі достық пен тату көршілік қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp