Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Түркістан қаласында бой көтерген жаңа мешітті аралап көрді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Мешіт Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс пен рухани ынтымақтастықтың символы ретінде салынған. Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.
Жаңа мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға жасаған тартуы ретінде бой көтерген.
Ғимаратта дәстүрлі ислам сәулеті заманауи құрылыс технологияларымен үйлестірілген. Мешіттің қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнектермен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Ал мұнараларының биіктігі 61 метрге жетеді.
Сондай-ақ мешіт жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Аумағында жарықтандыру жүйелері, демалыс орындары мен субұрқақтар қарастырылған.