Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Путинге қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтқаны үшін алғыс білдірді

Бақытжан Мұса · · 16 қаралым
Тоқаев Путинге қазақстандық әскери қызметшілердің қазасына байланысты көңіл айтқаны үшін алғыс білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, дейді Qandastar.kz.

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігі мен қолдауын Қазақстан тарапы ерекше бағалайтынын атап өтті.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болған. Кейінгі мәлімет бойынша, 12 әскери қызметші қаза тауып, тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Осыған байланысты Президент 25 қыркүйекті Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp