Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды ұсынды

Бақытжан Мұса · · 738 қаралым
Тоқаев Путинге Украинадағы қақтығысты тоқтатуды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі кезінде Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатып, келіссөздерді қайта жандандыруды ұсынды, дейді Qandastar.kz сайты.

«Менен пікір сұраған соң, өзімнің қарапайым ойымды айтайын: бәлкім, бұл қақтығысты уақытша тоқтатып, Стамбұл формуласына қайта оралған жөн шығар», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстанның бұл мәселеде делдал рөлін атқаруға ниетті емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресейге де бұл мәселеде сыртқы делдалдардың қажеті жоқ.

[embed]https://youtu.be/XsYLJ0Lejnw?si=OmH9CbWJyQsJ-b0V[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp