Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакинаны қабылдады, деп хабарлайды
порталы.
Мемлекет басшысы спортшыны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.
Президенттің айтуынша, Рыбакинаның жетістіктері Қазақстандағы тенниске деген қызығушылықтың артуына әсер етіп отыр. Оның жеңістерінен кейін балалардың спорт секцияларына көбірек жазыла бастағанын атап өтті.
Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек
Мемлекет басшысы теннисшінің спорттағы нәтижелерімен қатар, корттағы және қоғамдық ортадағы байыптылығына да тоқталды.
Өз кезегінде Елена Рыбакина Президентке тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірді. Ол Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын айтып, алдағы уақытта да жаңа жеңістерге ұмтылатынын жеткізді.
Рыбакинаның қоржынында қазір үш «Үлкен дулыға» турнирінің жеңісі бар.