Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Сауд Арабиясы Королін Ұлттық күнімен құттықтады

Бақытжан Мұса · · 24 қаралым
Тоқаев Сауд Арабиясы Королін Ұлттық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудқа Корольдіктің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.

Президент жеделхатында Сауд Арабиясы Королі мен ел азаматтарын ұлттық мерекемен құттықтап, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухындағы көпқырлы ынтымақтастықтың алдағы уақытта да халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығына жауапты қызметтерінде табыс, ал Сауд Арабиясының халқына құт-береке тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp