Тоқаев Құрылтай сайлауына қатысты пікір білдірген шетелдік әріптестеріне алғыс айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы бір палаталы Құрылтай сайлауының өтуіне орай ізгі тілегін білдірген бірқатар шетелдік мемлекет басшыларына ризашылығын жеткізді.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға алғыс білдірді.
Тоқаевтың айтуынша, өткен сайлау қазақстандықтардың ауызбіршілігін көрсетіп, азаматтардың ел болашағына деген жауапкершілігін айқындады.
Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақтың келешегі үшін жауапкершілік танытып, нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетті
Мемлекет басшысы Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар әрі қарай да жалғасатынын атап өтті. Оның пікірінше, Құрылтай сайлауының нәтижелері азаматтардың басым бөлігі елдің қазіргі даму бағытын қолдайтынын көрсетті.
Тоқаев бұл қолдауды Әділетті, Озық және Таза Қазақстан құруға бағытталған жоспарларды жүзеге асырудың маңызды негізі деп бағалады.
Сонымен қатар Президент достас мемлекеттер басшыларына өз елдерінің тұрақты дамуына бағытталған бастамаларының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының атына ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, ЕАЭК, ЭЫҰ, ТҮРКСОЙ және өзге де халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтау хаттары келген.