Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Сингапур Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бақытжан Мұса · · 323 қаралым
Тоқаев Сингапур Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнамға елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеп хабарлады.

Мемлекет басшысы құттықтауында бұл күннің Сингапур халқы үшін ұлттық бірлік пен ел тәуелсіздігінің маңызды нышаны екенін атап өтті. Сондай-ақ Сингапурдың тұрақты дамуға бағытталған жетістіктерін тілге тиек етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур арасындағы достыққа және өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Президент Тарман Шанмугаратнамға қызметіне табыс, ал Сингапур халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp