Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Иордания короліне хат жолдады

Бақытжан Мұса · · 298 қаралым
Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Иордания короліне хат жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы дерекке сілтеме жасаған Qandastar.kz сайты хабарлады.

Осы жөнінде Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдаллаға хат жолдап, қазіргі күрделі кезеңде бауырлас иордан халқына қолдау білдіретінін жеткізді.

Президент ахуалдың одан әрі шиеленісуіне әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақырып, кез келген халықаралық қақтығыс дипломатиялық тәсілдер арқылы шешілуі қажет екенін тағы да атап өтті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp