Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Тәжікстан Президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

Бақытжан Мұса · · 507 қаралым
Тоқаев Тәжікстан Президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонға Тәжікстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.

Мемлекет басшысы Тәжікстанның тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық даму және халықаралық аренада ұлттық мүдделерін қорғау бағыттарында елеулі нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Тәжікстанның жетістіктеріне қуана қарайтынын айтып, екі ел арасындағы достық пен өзара қолдаудың маңызын атап өтті.

Президент қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді. Оның айтуынша, екі елдің бірлескен жұмысы бауырлас халықтардың игілігіне қызмет етеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонға мемлекеттік қызметінде табыс, ал Тәжікстан халқына бейбітшілік, бақ-береке және өркендеу тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp