Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

bahitzhanabzal · · 148 қаралым
Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысының жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы белсенді әрі прагматикалық қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздейтін ұстанымы үшін ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар еліміздің Құрама Штаттармен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың деніне саулық және жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp