Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бақытжан Мұса · · 12 қаралым
Тоқаев Түрікменстан басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Президент Сердар Бердімұхамедовке және Түрікменстан халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Мемлекет басшысы құттықтауында Түрікменстанның Тәуелсіздігінің 35 жылдығын дамыған мемлекет ретінде қарсы алып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, елдің жетістіктерінің негізінде түрікмен халқының ынтымағы, бай мәдениеті мен жасампаз рухы жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент Түрікменстанның бейтараптық ұстанымын сақтай отырып, халықаралық аренадағы позициясын нығайтқанын айтты.

Қазақстан Президенті Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын және тату көршілік пен өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мән беретінін жеткізді.

Жеделхат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан басшылығына мемлекет мүддесі жолындағы қызметіне табыс, ал түрікмен халқына бақ-береке тіледі.

Бөлісу: Telegram WhatsApp