Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Үндістан мен Корея Республикасына сапармен барады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
12-13 қыркүйекте Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің шақыруымен Нью-Делиге жұмыс сапарын жасайды. Тоқаев БРИКС саммитіне қатысып, «БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.
Сапар барысында Қазақстан Президентінің Нарендра Модимен келіссөз өткізіп, бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесуі жоспарланған.
Ал 14-16 қыркүйекте Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. 15 қыркүйекте Сеулде Корея Президенті Ли Чжэ Мёңмен келіссөз жүргізіп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылайды.
Президент сондай-ақ Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездеседі.
16 қыркүйекте Тоқаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммитіне қатысады.