Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Венесуэла халқына көңіл айтты

Малика Хамит · · 14 қаралым
Тоқаев Венесуэла халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісіне байланысты ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригеске көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды

порталы.

Президент табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза тауып, жарақат алғанына байланысты Венесуэла халқымен қайғыны бөлісетінін жеткізді.

Осындай ауыр кезеңде қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Венесуэла халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келіп, болаттай берік болуын, ал жарақат алған азаматтардың тез арада сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін
делінген жеделхатта.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Венесуэлада болған жер сілкінісі салдарынан 164 адам қаза тауып, 971 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы ел президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp