Мазмұнға өту
qandastar.

Құқықтық кедергі жоқ – Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы түсіндірді

Малика Хамит · · 175 қаралым
Құқықтық кедергі жоқ – Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы түсіндірді

Қазақстанның Конституциялық соты жаңа Конституциядағы мемлекеттік лауазымдарға сайлану және тағайындалу тәртібіне қатысты ресми түсіндірме берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Соттың қаулысына сәйкес, 1995 жылғы Конституция кезеңінде атқарылған қызмет мерзімдері жаңа конституциялық шектеулерді қолдану кезінде есепке алынбайды.

Түсіндірме Президенттің Конституцияның бірқатар баптарын ресми түсіндіру туралы өтініші негізінде қабылданды.

Конституциялық сот жаңа Конституцияда бұрынғы Конституция күшінде болған кезеңдегі лауазымдық өтілді немесе сол кезеңдегі сайлану деректерін есепке алуды көздейтін норма жоқ екенін атап өтті.

Осыған байланысты, 1995 жылғы Конституцияға сәйкес мемлекеттік қызмет атқарған азаматтар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға қайта сайлана немесе тағайындала алады. Бұл жағдай жаңа құқықтық тәртіп аясында алғаш рет сайлану немесе тағайындалу ретінде қарастырылады.

Осылайша, Конституциялық соттың ресми түсіндірмесіне сәйкес, қолданыстағы Конституция Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен өзге де аталған тұлғалардың жаңа конституциялық талаптар бойынша сайлауға қатысуына құқықтық мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының өкілеттігі 2029 жылдың күзінде аяқталады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp