Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Іс-шара Ақорда резиденциясында өтті.
Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай және Үкімет мүшелері қатысты.
Сонымен қатар шараға орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, өңір әкімдері, Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция өкілдері жиналды.
Салтанатты рәсім барысында Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын ортаға алып шығып, кейін Мемлекеттік Әнұран орындалды.