Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев жануарларға қатыгездік үшін жазаны күшейтуді ұсынды

Бақытжан Мұса · · 77 қаралым
Тоқаев жануарларға қатыгездік үшін жазаны күшейтуді ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Таза Қазақстан” бастамасы аясында жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін күшейту қажет екенін айтты. Оның пікірінше, үй жануарларына қатыгездік көрсетуге жол берілмеуі тиіс, ал оларды дұрыс күтпегендерге жазаны қатаңдату керек. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Stan.kz порталына сілтеп хабарлады.

Мемлекет басшысы қаңғыбас иттер мәселесінің негізгі себебі – адамдардың немқұрайлылығы екенін атап өтті. Көп жағдайда азаматтар жануарларды асырап алып, кейіннен олардан бас тартып, көшеге тастап кетеді.

Президент сондай-ақ жануарларға арналған орталықтардың жұмысына қоғамдық бақылау орнату қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселе қоғамды екіге бөлмеуі тиіс, бірақ адамдардың қауіпсіздігі де маңызды. Себебі соңғы уақытта қаңғыбас иттерден зардап шеккендер саны артқан.

Сондықтан бұл мәселені шешуге мемлекет пен қоғам бірлесіп атсалысуы керек. Сонымен қатар жануарларға қатыгездік жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Еске сала кетейік, қолданыстағы тәртіп бойынша ұсталған қаңғыбас жануарлар белгілі бір уақыт ішінде иесі табылмаса, эвтаназия жасалуы мүмкін.

Бөлісу: Telegram WhatsApp