Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды

Малика Хамит · · 1 877 қаралым
Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің ұшағы Токио қаласының Ханэда халықаралық әуежайына қонды.

Мемлекет басшысын Жапонияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

17 желтоқсан күні Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония императоры Нарухитомен және Премьер-министр Санаэ Такаичимен келіссөздер жүргізеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp