Тикток желісінде домбырамен ән айтқан жігіттің бейнежазбасы пайда болды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Бейнеде ер адамның "Қазақстан - қазақтардың тұрағы" деп бастап әуелетіп ән шырқағанын көруге болады. Ол өзге ұлттар мен қазақ елінің қарым-қатынасы туралы айтты. Жұртшылық "Тарихты сол үшін ұмытпау керек!", "Өкінішке орай не айтсаң да бұл биліктің құлағына жетпейді", "Рухың көтеріледі екен", "Аман болшы бауырым" деген пікірлер қалдырған.