Мазмұнға өту
qandastar.

Тоқаевқа сенім артқан қазақстандықтар саны артты - зерттеу

Малика Хамит · · 25 қаралым
Тоқаевқа сенім артқан қазақстандықтар саны артты - зерттеу

Қазақстандықтардың президентке деген сенімі бір жыл ішінде арта түскен, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Қазақстандық қоғамдық даму институтының 2026 жылдың III тоқсанындағы зерттеуінде айтылды.

Сауалнама нәтижесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенетін азаматтардың үлесі 86,7%-ды құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 3 пайыздық тармаққа жоғары.

Зерттеушілер мұны елде жүзеге асып жатқан өзгерістерге қоғамның тұрақты назар аударуымен байланыстырады. Респонденттердің 65,8%-ы Президенттің бастамалары туралы ақпаратты үнемі немесе ара-тұра алып отыратынын айтқан.

Азаматтар арасында бірқатар бастама ерекше қолдау тапқан. Олардың қатарында:

  • бір палаталы Құрылтайға көшу;
  • 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау;
  • «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша жиналған қаражатты баспана мен білім алуға пайдалану мүмкіндігі.

Сонымен бірге технологиялық даму, атом энергетикасы, білім мен ғылым және «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жұмыстарға да қызығушылық жоғары.

Зерттеу жалпы қазақстандықтардың елдегі өзгерістерді ғана емес, халықтың тұрмыс сапасына, білімге, технологияға және болашаққа қатысты шешімдерді де назарда ұстайтынын көрсеткен.

Сауалнама 31 шілде мен 16 тамыз аралығында жүргізілген. Оған елдің әр өңірінен 18 жастан асқан 2 400 адам қатысқан. Зерттеу нәтижелерінің ықтимал ауытқу шегі ±2%-дан аспайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp