Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Сапар аясында оны Сеулдегі Корея Президентінің резиденциясында салтанатты рәсіммен қарсы алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қазақстан Президентін Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёң қарсы алып, екі ел делегацияларының мүшелері таныстырылды.

Рәсім барысында Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Кореяның мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды.
