Мазмұнға өту
qandastar.

Токиода қазақ қызының жапон тіліндегі еркін сөйлеуі блогерді таңғалдырды

Бақытжан Мұса · · 71 қаралым
Токиода қазақ қызының жапон тіліндегі еркін сөйлеуі блогерді таңғалдырды

Жапония астанасы Токиодағы Шибуя ауданында шетелдіктерден жапон тілінде сұхбат алатын танымал блогер Шинтаро қазақ қызымен тілдесті, деп Qandastar.kz хабарлады.

Әңгіме барысында блогер қыздың жапон тілін небәрі алты ай бойы меңгеріп жүргенін біліп, таңданысын жасырмады. Өйткені қазақ қызы жапон тілінде еркін сөйлеп, сұрақтарға еш қиналмай жауап беріп, өз ойын анық жеткізген.

Айта кетейік, Шинтаро көшеде шетелдіктермен сұхбаттасып, олардың жапон тілін қалай үйренгені, Жапонияға қандай мақсатпен келгені және тіл меңгеру деңгейі туралы бейнероликтері арқылы кеңінен танылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp