Қазақстандағы бұрынғы президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясының құрамынан шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Рақымбековтің айтуынша, оның қоғамдық-саяси қызметі партиямен 2015 жылдан бері байланысты болған. Осы уақыт аралығында ол партияның Президиумы мен Саяси кеңесінің мүшесі болып, кейін төрағаның бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ ол «Ауыл» партиясы атынан бірнеше сайлауға қатысқан. Атап айтқанда, 2019 жылы президенттікке кандидат ретінде ұсынылса, 2021 және 2023 жылдары Мәжіліс депутаттығына үміткер болған.
Ұзақ ой елегінен өткізгеннен кейін, мен партияның барлық сайланбалы органдарынан және партия мүшелігінен шығу туралы шешім қабылдадым
Оның мәліметінше, партиядан шығу туралы өтініш 4 мамыр күні жолданған.