Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев металлургия саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Әбдірашит Доспановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мемлекет басшысы бұл туралы Ақордада өткен мемлекеттік наградаларды тапсыруға арналған салтанатты рәсімде мәлімдеді.
Әбдірашит Қойшыбекұлы Доспанов – «Еңбек Даңқы» наградасының толық кавалері. Ол әке жолын жалғап, өмірінің төрт он жылдығын металлургия саласына арнаған. Осы уақыт ішінде кәсіби шеберлігімен және еңбекке деген адалдығымен танылып, елдің өркендеуіне елеулі үлес қосқан.
Бүгінде тәжірибелі маман тек өз жұмысымен шектелмей, жас мамандарға тәлімгерлік етіп, оларға кәсіптің қыр-сырын үйретіп жүр.
Президент Әбдірашит Доспановтың еңбегін ерекше атап өтіп, оған Қазақстанның ең жоғары дәрежелі атақтарының бірі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Тоқаев 40 жылдан астам еңбек еткен металлургті ерекше марапаттады